• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Сәуір, 2019

Қарағандыда полиция бастығы өкіл имамға қол сағат тарту етті

806 рет
көрсетілді

Кеншілер астанасында Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Ерлан Файзуллин ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ Бекқожаны алғыс хатпен және ІІМ-нің бейнелемесі бар қол сағатпен марапаттады.

Облыстың бас имамы мұндай сый-құрметке кепілге алынған сәбиді құтқару кезінде тәртіп сақшыларына жәрдемдескені үшін ие болды.

Еске салсақ, таяуда Қарағанды қаласының тұрғыны ұрыс-керістен соң пәтердегі туыстарын далаға қуып шығып, екі жасар сәбиін кепілге алған еді. Сол кезде полицияның арнайы бөлімшесі қылмыскермен ұзақ уақыт келіссөз жүргізіп, кепілге алынған сәбиді аман-есен құтқарған операцияға облыстың өкіл имамы да белсенді түрде ат салысқан болатын.

Қарағанды облысы