- 21 сәуір күні Алматы қаласында жылдың ең дүбірлі додаларының бірі - дзюдо күресінен жастар мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының дзюдо федерациясының құрметті президенті Бекетов Маxмұт мырзаға арналған Азия Кубогін сәтті өткіздік.
Сайыстың бірінші күнінде 6 мемлекеттен 224 жасөспірім қатысса, екінші күні 186 жас спортшы бағын сынады. Жарыстың қорытындысы бойынша ҚР жасөспірімдер ұлттық құрамасы 11 алтын, 10 күміс және 20 қола ұтса, жастар құрамасы 14 салмақ дәрежесінде 8 алтын, 8 күміс және 16 қола жүлделермен қоржынымызды толтырды.
Осылайша жалпы командалық есеппен Қырғызстан мен Өзбекстаннан оза түсіп, 1 орынға ие болдық.
Кез келген жарыстың әрбір спортшыға тигізер әсері болады. Әсіресе xалықаралық жарыстардың ауқымы да, сапасы да, маңыздылығы да жоғары дәрежелі, сонымен қатар еліміздің намысын қорғайтын жарыс болған соң, оған қатысар спортшының дайындығы да сол деңгейге сәйкес болуы қажет. Сондықтан дайындық мұндай жарыстарға өте қарқынды түрде өткізіледі. Халықаралық жарыстардың маңыздылығы - әрбір спортшы өзін елінің алдында туын көкке көтеретін азаматы ретінде сезініп, сол мақсатқа жету үшін барын салатынында деп білемін.
Сондай-ақ ҚР тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2019 жылды "жастар жылы" деп жариялауына орай, жастар арасында өткізілетін іс-шаралар (турнирлер) символдық сипатқа ие болып отыр. Сондықтан биылғы жастар арасындағы жарыстардың маңыздылығы ерекше деп ойлаймын.
Жарысымызға келер болсақ, қатысушылар арасында бұған дейін осындай жарыстарға қатысып, қатыспағаны да бар. Біреу үшін алғашқы, біреу үшін кезекті жеңіс болды. Жастар мен жасөпірімдер үшін мұндай жарысқа қатысып, одан орын алудың өзі біз үшін мақтаныш қой.
Бұл жарыстың тағы бір маңыздылығы - қыркүйектің 25 мен 29 аралығында Алматы қаласында өтетін жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатына дайындық болып табылуында. Бұл олардың xалықаралық аренада басқан жемісті қадамдарының бірі және бұл тек қана бастамамыз. Шетелден келген спортшылардың дайындығы жаман емес. Бойларынан ерекше жеңіске деген үміт пен ұмтылыс байқалды. Жақсы дайындықпен келгендері де көрініп тұр. Алайда бұл сайыс болған соң, әрбірі өзінің дайындығының сапасын сол жарыста көрсетіп, дәлелді.
Бұл жарысты IJF күнтізбесіне барлық сұрақтарды сараптай отырып, жастар мен жасөпірімдер үшін маңыздылығы жоғары жарыстардың бірі болған соң федерация енгізуді жөн көрді. Осы орайда, ірі турнирді өткізуге білдірген сенім үшін Халықаралық дзюдо федерациясына алғысымызды білдіреміз, - дейді Азамат Мұқанов.