• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 15:26

Маусым айында ел тұрғындары неше күн демалады?

Маусым айында мемлекеттік мерекелер жоқ, сондықтан қосымша демалыс болмайды, деп жазады Egemen.kz.

Маусым айында бірнеше кәсіби мереке бар. Жұмыс күндеріне қарамастан, бұл күндер атап өтіліп, сол салаға қатысы бар адамдар құттықталады.

Бұл айда бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар сенбі және жексенбі күндерін қосқанда, жалпы 8 күн демалады. Ал алты күндік жұмыс кестесімен еңбек ететіндерге 4 демалыс күні беріледі.

Күнтізбеге сәйкес, еліміздегі кәсіби мерекелер тізімі:

9 маусым – Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелері әскери қызметшілері мен қызметкерлері күні 15 маусым (маусымның үшінші жексенбісі) – Медицина қызметкері күні 23 маусым – Полиция күні 23 маусым – Мемлекеттік қызметші күні 24 маусым – Судья және сот қызметкерлері күні 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні БҰҰ күнтізбесі 10 маусым – Дүниежүзілік қолөнер күні 12 маусым – Балалар еңбегіне қарсы күрестің дүниежүзілік күні 13 маусым – Альбинизм туралы ақпарат таратудың халықаралық күні 14 маусым – Дүниежүзілік қан доноры күні 15 маусым – Қарттарды қорғау күні (Қарттарға қатысты зорлық-зомбылық туралы ақпарат таратудың дүниежүзілік күні) 16 маусым – Халықаралық отбасылық ақша аударымдары күні; Оңтүстік Африка халықтарының азаттық күресімен ынтымақтастықтың халықаралық күні 17 маусым – Шөлейттену мен құрғақшылыққа қарсы күрестің дүниежүзілік күні 18 маусым – БҰҰ-ның тұрақты гастрономия күні; БҰҰ штаб-пәтеріндегі халықаралық жәрмеңке (International Bazaar – әлем елдерінің дәстүрлі тағамдарын көруге және дәмін татуға болатын жыл сайынғы халықаралық жәрмеңке) 19 маусым – Қақтығыс жағдайындағы сексуалдық зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің халықаралық күні; Балалар футболының дүниежүзілік күні (бұл күнді UNICEF және FIFA жариялаған); Орақ тәрізді жасушалы анемия туралы хабардарлықтың дүниежүзілік күні 20 маусым – Дүниежүзілік босқындар күні; Жазғы күн тоқырауы күні 21 маусым – Халықаралық йога күні; Дүниежүзілік гидрография күні 23 маусым – БҰҰ мемлекеттік қызметі күні; Халықаралық жесірлер күні; Инженерия саласындағы әйелдердің халықаралық күні 25 маусым – Теңізші күні 26 маусым – Есірткіні заңсыз айналымы мен оны теріс пайдалануға қарсы халықаралық күрес күні; Азаптау құрбандарын қолдаудың халықаралық күні 27 маусым – Шағын, шағын және орта кәсіпорындар күні 29 маусым – Халықаралық тропиктер күні 30 маусым – Халықаралық астероид күні; Халықаралық парламентаризм күні
Соңғы жаңалықтар