• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң Бүгін, 16:22

ШҚО әкімінің бұрынғы орынбасары Жақсылық Омардың үкімі өзгере ме?

Алты жылға бас бостандығынан айырылған Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Жақсылық Омардың апелляциялық соты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Жақсылық Омардың апелляциялық шағымын өңірдің қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қарады. Бұрынғы шенеунікке шығарылған үкім өзгеріссіз қалдырылды.

«Сот алқасы бірінші сатыдағы соттың сотталған адамның әрекеттерін дұрыс саралағаны, жаза түрі мен мөлшерінің заң талаптарына қатаң сәйкес тағайындалғаны туралы қорытындыға келді. Сонымен қатар мемлекеттік биліктің беделіне және қоғамның оған деген сеніміне нұқсан келтіретін ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысының жоғары қоғамдық қауіптілік дәрежесі ескерілді», деді судья Сәуле Бекішева.

Алқа Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2026 жылғы 3 сәуірдегі Жақсылық Омарға қатысты үкімін өзгеріссіз қалдыру туралы қаулы шығарды.

«Апелляциялық шағымдар қанағаттандырусыз қалдырылсын. Қаулы жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енеді», деп оқып берді судья.

Айта кетейік, Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омар 6 жылға сотталды. Сот оны алаяқтық жасағаны және пара алғаны үшін кінәлі деп таныған.

Соңғы жаңалықтар