• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Сәуір, 2019

Қостанай полицейлері ірі көлемде героин тәркіледі

802 рет
көрсетілді

Қостанай облыстық департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері аса ірі көлемде есірткі заттарын тәркіледі.

Оның ішінде 800 грамнан артық героин,120 килограмм марихуана бар. Есірткі заттар пайдаланған 5 адамға қарсы сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Қайрат Тасжановтың айтуынша, жыл сайын жүргізілетін жедел жұмыстардың арқасында, есірткі сақтайтын немесе сататындар ұсталады. Мысалы, Қостанай қалсында 27 жастағы әйел ұсталды. Қостанай ауданында тұратын ол облыс орталығынан пәтер жалдап, сонда есірткі заттарын сатып отырған. Оны ұстағанда қалтасынан 322 грамм героин табылды. Ары қарай оның тұратын пәтерін қарағанда тағы да 451 грамм героин табылды. Әйел қамалды, оған сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Полицейлер Қостанай қаласындағы туберкулезге қарсы диспансер маңынан «Мерседес» машинасына айдап жүрген 27 жастағы жігітті де күдікпен ұстаған. Одан 1,5 грамм гароин, 122 грамм марихуана табылды. Полицейлер жедел іздестіру арқылы тағы да 1985 жылы және 1962 жылы туған азаматтарды ұстады. Олар да есірткі заттарын сатумен, сақтаумен айналысқан.

2019 жылдың басынан бастап, Қостанайда есірткіге қатысты барлығы 153 қылмыс пен құқық бұзушылықтар анықталды. 12 килограмға жуық есірткі заттар, оның ішінде 2 килограмм 700 грамм героин, 4 килограмм 800 грамм марихуана тәркіленді.