• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 25 Сәуір, 2019

Ауыр атлетика: Рахимов жүлдесіз қалды

775 рет
көрсетілді

Қытайдың Нинбо қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сәтсіз өнер көрсетуде.

Осыған дейін бірнеше белді спортшыларымыз жеңіс тұғырына көтеріле алмаса, бүгін 89 кило салмақтағы Нижат Рахимов өз жанкүйерлерін қуанта алмады. Олимпия ойындарының жеңімпазы, әлем чемпионы деген атақтары бар отандасымыз жұлқып көтеру барысында өзінің алғашқы мүмкіндігінде 150 кило салмақты еңсере алмады. Содан еліміздің ұлттық командасының бапкерлері өзара кеңесе келе, атақты зілтеміршіні жарыс жолынан шығарды.    

Әзірге Қазақстан құрама командасы қоржынында қос қола медаль бар. Бұл жүлделердің иегерлері – Арли Чонтей (55 кило) мен Денис Уланов (81 кило). Ал Фархад Харки (67 кило), Зүлфия Чиншанло (55 кило) және Карина Горичева (64 кило) сынды мықты ауыр атлеттеріміз қалың топтың арасында қалып қойды.