• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Сәуір, 2019

Ғабит Балғынбаев «Қостанай қыраны» атанды

1131 рет
көрсетілді

Қазақ күресінен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін биыл сегізінші рет ұйымдастырылған «Қостанай қыраны» облыстық іріктеу турнирі аяқталды.

Алдымен, аудан, қалалардың  балуандары өз өңірлерінде іріктеу турнирін өткізді. Екі күнге созылған облыстық турнирде балуандар сегіз салмақ дәрежесі бойынша белдесті. «Түйе балуан» бәсекесіне 20-дан аса тарта талапкер жазылды. Турнирдің ақтық доасында қазақ күресінен спорт шебері Ғабит Балғынбаев пен бірнеше мәрте облыс чемпионы Асылбек Әбдіров белдесті. Финалдық кездесу тәжірибелі Балғынбаевтың пайдасына шешілді. Енді осы екі балуан облыс намысын республикалық «Қазақстан барысы» турнирінде қорғайтын болады.

Үшінші орынды жас балуан Дәулетхан Қосмағамбетов иеленді. Ғабит Балғынбаев осымен екінші рет «Қостанай қыраны» атағын иеленді.

«Бұл жолғы жеңіс қолға оңайлықпен келмеді. Қарсыластарымның бәрі мықты. Әсіресе, Абылайхан Қасымхан мен Талғат Жиентаевтың дайындығы жақсы екен» деді жарыс жеңімпазы Ғабит Балғынбаев.