• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 25 Сәуір, 2019

Жекпе-жек: Мәскеуде қос жерлесіміз айқасады

881 рет
көрсетілді

27 сәуірде Ресейдің астанасы – Мәскеуде ережесіз жекпе-жектен Еуропадағы ең үздік промоушен – АСА өзінің кезекті турнирін дүркіретіп тұрып өткізгелі отыр. Айтулы додада Қазақстанның екі бірдей өрені бақ сынайды. Олар – Арман «Сұңқар» Оспанов (66 кило) пен Евгений «Метис» Егембердиев (93 кило).

Жауынгерлік самбодан әлемнің үш дүркін чемпионы деген атағы бар қандасымыз 27 жастағы германиялық Лом-Әли «Арыстан» Эскиевпен күш сынасады. Неміс спортшысы осыған дейін 19 кездесу өткізіп, 15 мәрте жеңіске жетті. Арман Оспанов 10 рет айқас алаңына шығып, 8 бәсекені өз пайдасына шешті. Қазақ жігіті өзінің соңғы жекпе-жегін 2017 жылдың желтоқсан айында өткізген еді. Міне, енді «Сұңқар» ұзаққа созылған үзілістен соң октагонға қайта оралғалы отыр.   

 Ал 33 жастағы Евгенийдің қарсыласы – ресейлік Батраз Агнаев. Солтүстік Осетияның тумасы біздің жігіттен үш жас кіші. Батраз 5 жекпе-жек өткізіп, 4 рет жеңіс тойын тойлады. Ал кезінде бокстан жастар арасындағы әлем біріншілігінің жүлдегері атанған жерлесіміз ережесіз жекпе-жектен 10 кездесу өткізіп, соның біреуінде ғана жеңіліс тапты.