Андрей Иванович Лукин Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысының Өкімімен Андрей Иванович Лукин Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары қызметінен босатылды», делінген хабарламада.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының Өкімімен Болат Бекназарұлы Дембаев Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары қызметіне тағайындалды