• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Медицина 26 Сәуір, 2019

Папиллома вирусы шырмауынан абай болыңыз!

7504 рет
көрсетілді

Қазіргі заманның адамы вирустың сан түрлі болатынынан хабардар. Тірі ағзаның бойында өсіп-өніп, зиян келтіретін вирустардың ішінде онкоауруларды тудыратын папиллома вирустары анықталғалы, дүние жүзінде аталған вируспен күрес басталып кетті.

Неміс ғалымы, профессор Ха­ральд Зур Хаузен 2008 жылы адам­ның папиллома вирусының жатыр мойны қатерлі ісігінің пайда болуындағы рөлін дәлелдеп шық­қан ғылыми-зерттеуі үшін Нобель сыйлығымен мара­пат­талды. Өйт­кені қашанда сыр­қат­­тың сал­дарымен күрес­кен­нен гөрі туу се­­бебін анықтаған әлде­қайда тиімді. Әлемде жатыр мой­ны­ның қатерлі ісігі осы ви­рус­­тың жұғуынан пайда болып, қан­­шама жасты гүлдей сол­дыр­­ды десеңізші. ДСҰ дерек­те­рі бойынша әйелдердің жатыр мой­нын­дағы қатерлі ауруы тууы­ның 70-97 пайызы осы вирустың ке­сі­рінен көрінеді. Жаһанда жыл сайын 500 мыңнан астам жатыр мой­ны обыры анықталса, олар­дың 311 мыңға жуығы осы дерттен қайтыс болады екен. 

Жалпы, папиллома виру­сы­ның 100-ден астам түрі бар екені анық­­талған. Алайда, оның 14-і адам үшін қауіпті және жатыр мой­ны қа­терлі ісігін ғана емес, сонымен қатар ауыз қуысының, анустың, жы­ныс мүшелерінің, сыртқы жыныс органдарының обы­рына алып келуі мүмкін, дей­ді зерттеуші ға­лым­дар.

Харальд Зур Хаузен бастаған ға­лым­дардың адам папиллома ви­русы мен жатыр мойны об­ы­ры арасындағы байланыс­ты ашуы ғалымдар алдына жа­ңа міндет қойды. Бұл – жатыр мойны обыры вакцинасын жас­ап, екпе жүргізуді қолға алу. Же­дел іздестіріп, нақты ғылыми жұмыстар жүргізу нәти­жесінде вакцина да өмірге келе­ді. 10 жыл бұрын АҚШ пен Ауст­ра­лия сияқты дамыған елдер жас­өспірім қыздарды иммундау бағдар­ламаларын енгізіп, вак­ци­на­лауды бастап та кетті. Әрі оның бұл елдерде ақылы негізде жүр­гізілгенін де айта кеткен жөн. Бүгінде екпенің тиімділігін көп­теген зерттеулер дәлелдеп, жатыр мойны обырынан өлім-жітім­нің 70-тен 97%-ға дейін төмен­дегенін көрсетті.

Еліміз­дің бас онкологы Ди­ля­­ра Қай­дарова вирусты тасы­мал­­­­дау­­шы адамның жатыр мойны обы­рына шалдығуға бейім­ді­гін айта келе: «Жатыр мой­ны­­ның қатерлі ісігін анықтауға ар­­­нал­ған тәсілдер бар. Бұл кіші жам­­бас органдарын тексеру, ви­зуалды тексеру және он­ко­ци­­тология жағындыларына сы­­нама жасау, PAP – сынағы тес­ті­леуінен және HPV тестінен тұрады. Жа­тыр мойны қатерлі ісі­гінің сим­п­­­том­сыз жүруі әбден мүм­кін не­­месе жыныс жолдарында, іш­тің төменгі бөлігінде және бел аймағында ауырсыну белгілері байқалады», дейді.

Дүниежүзілік денсаулық сақ­­­тау ұйымының деректеріне қара­ған­да, жыл сайын түрлі онко­ау­ру­лар­ға ұшырағандар саны 10 млн-нан асып, 6 млн-ы көз жұмады. Ал елімізде жатыр мойны ісі­гі­не шалдығу онкоаурулар ішінде 3-нші орында тұрса, папиллома вирусының кесірінен пайда бол­ған осы дерттің бастапқы I –II ке­зеңіндегі күреске әр әйелді емдеу мемлекетке 500 мың теңгеге түсе­ді, меңдеңкіреп кеткен III-IV ша­ғын­да 1,5 млн теңге жұмсалады екен. Қарап отырсаңыз – қыруар қара­жат. «Аурудан айығамын ба, әлдеқалай болады», деген уайы­мымен бірге әр отбасына, паци­ент­­ке түскен моральдық ауырт­па­лық қаншама?!

Дәрігерлердің айтуынша, ви­­рус­тың жұғатын жолдары да әр­түр­лі. Соның ішінде тері және шы­­рышты қабаттармен жанасқан сә­т­­­терде; тасымалдаушының же­ке гигиена­лық заттарын пайда­ла­­­нуда; нау­қастың киімін және аяқ киімін киюде; сауналар мен ван­наларда немесе қоғамдық дәретханаларға барған кезде жұғу мүмкіндігі бар. Ең бір жиі жұқ­тырылу көзі – жыныстық жолмен берілуі екеніне баса мән берген жөн.

HPV вакцинасын жүргізу жатыр мойнының қатерлі ісігіне және вульваның, қынаптың, анус пен ауыз-жұтқыншақ рагының кейбір түрлеріне қарсы иммунитет тудыратынын айтқан мамандар АҚШ-та 11 мен 12 жас аралығындағы барлық қыз балалар, Германияда 12 жастағы қыздар, Францияда 14 жастан, ал Аустрияда тіпті 9 бен 17 жас аралығы қамтылатынын қаперге салады. Бас онколог төрт және тоғыз валентті вакциналардың қыздар мен жасөспірімдерге пайдалану үшін лицензияланғанын да айтып өтті. 

Сонымен деректер не дейді? Вакцинаның қауіпсіздігі мен тиім­­ділігі 9-47 жастағы қыздар, жас­­өспірімдер мен әйелдер ара­лы­­ғында дәлелденді. АҚШ азық-түлік және дәрі-дәрмектермен күрес басқармасы қыз балаларға ғана емес, 11-12 жастағы ер бала­ларға да екі доза режімінде вакцинация жүргізуді ұсынып отыр. Өйткені ерлердің бойында папиллома вирусының болмауы әйелдердің саулығына ті­ке­­лей байланысты. Папиллома вирустың жұғуын алдын алуға да болады. Біріншіден, жыныстық қатынас әрдайым барьерлік жол­мен қорғалуы қажет. Екін­ші­ден, жеке бас гигиенасын сақ­тау маңызды. Егер де осы 2 қара­пайым ұсыныс орындалса, өзі­ңізді папиллома вирусынан қор­ғай­сыз.  – HPV үшін вакцинация 11-12 жас аралығындағы қыздарға ұсынылады. Әлі күнге дейін вак­ци­наланбаған және HPV ви­русы теріс нәтижелі 13 пен 26 жас аралығындағы кыз-келін­шек­­тердің HPV-ге қарсы вакци­на­­дан өтуіне болады, – дейді дә­рі­­герлер. Бір ескерерлігі, дамыған ел­дер­­дің өзі вакциналауды ақылы негізде жүргізсе, еліміз оны қар­жы­­ландыруды мойнына алып, папиллома вирусына қарсы тегін екпе жасайды.