• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Сәуір, 2019

Елордадағы субұрқақтар 1 мамырда іске қосылады

877 рет
көрсетілді

Қайта іске қосар алдында мамандар 43 субұрқақ және 45 субұрқақ кешенін тексерістен өткізуде деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Барлық субұрқақтарды іске қоспас бұрын біз техникалық және тазалық жұмыстарын жүргіземіз. Оған: шамдарды, музыка мен жарық беруді, құбырлардың жарамдылығын тексеру, сыртқы көріністі қалпына келтіру, сондай-ақ суды дайындау жатады. Іске қосылған соң мамандар жоспарлы тексерулер жүргізеді. Күн сайын сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін, 16:00-ден 17: 00-ге дейін техникалық үзіліс кезінде қоқыс жинау ұйымдастырылады» – деп мәлімдеді Есіл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінде. 

Ең үлкен субұрқақтар «Жерұйық» саябағында, «Астана-Бәйтерек» монументі жанында, Министрліктер үйі мен «Жастар» сарайының жанында орналасқан. Қаладағы субұрқақтар 1 мамырда іске қосылмақ.