• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Сәуір, 2019

Жайбарақаттық жарға жықты

904 рет
көрсетілді

Мектепке жапсарлас салынған нысан опырылып түсіп, заматта үйіндіге айналған.
Тайынша ауданындағы білім ошағына осыдан алты жыл бұрын күрделі жөндеу жүргізілгенімен, әбден тоз­ғаны соншалық, қалпына кел­тіру мүмкін болмаған се­кілді. Өйткені қабырға­лар­да қайтадан сызат пайда болып, мектеп басшылығы дабыл қаққан. Төтенше жағдайлар қызметі де апаттық жағдайда деп таныған. Солай бола тұра жергілікті билік шұғыл түрде шешім қабылдаудың орнына мәселені кейін­ге ысырып, жағдайға көз жұма қара­ғанға ұқсайды.

– Ғимараттың адам жы­лар­лық жайын айтып, қаншама дабыл қаққанымызбен, құ­лақ асар адам табылма­ды. Ата-аналардан жи­нал­ған қаражатқа жамап-жас­қағанмен ескі дүние қай­тіп жаңарады? Апаттың орын алатынын біле тұра, құла­ған­ша күткендері қалай? Күн­діз опырылып түссе не бо­лар еді? – дейді тұрғындар бас­шылықтың жайба­ра­қат­­­тығына наразы үнмен нали сөйлеп.

Әкімдіктегілер болса, ны­санның олар ойлағаннан ертерек құлап, мұндай оқыс жағдайды күтпегенін айтады. Оқу жылы аяқталған соң қалпына келтіру жоспарланып қойылыпты. Бірақ көк­темгі қар еріген кезде қауіп күшейіп, сүруге жеке серік­тесті жалдағанмен, істі соңына дейін жеткізуге үлгер­меген көрінеді.

Қырық сылтауы таусыл­майтын шенеу­ніктер бәрін ретке келтіреміз, алаңдауға еш негіз жоқ деген жұба­туынан жаңылар емес. Солтүстік Қазақстан облысы