Ұлыбритания үкіметі АҚШ-тың қадамын қайталап, үшінші елдерде дизель отыны мен әуе керосиніне өңделген Ресей мұнайына қатысты санкция талаптарын жеңілдетті. Жаңа ереже 20 мамырдан бастап күшіне енеді, деп жазады Egemen.kz.
Британ билігінің мәлімдеуінше, бұл – уақытша шешім. Лондон Украинадағы соғысқа байланысты Ресейге қарсы қатаң санкция саясатын жалғастыра беретінін атап өтті.
Ирак Ормұз бұғазы арқылы мұнай экспортын 9 есеге қысқартты
BBC мәліметінше, мұндай қадамға Ормұз бұғазының жабылуына байланысты әлемдік энергетикалық нарықтағы ахуал себеп болған. Сарапшылар мұнай өнімдерінің жеткізілімі қиындап, энергетикалық дағдарыс тереңдеуі мүмкін деп алаңдап отыр.
Иран Қытай кемелеріне Ормұз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді
Ормұз бұғазы арқылы әлемдегі мұнай тасымалының едәуір бөлігі өтеді. Сондықтан аймақтағы жағдайдың ушығуы жанармай мен әуе отыны нарығына тікелей әсер етіп отыр.
Еске салайық, АҚШ Иранға Ормұз бұғазын кезең-кезеңімен ашуды ұсынған еді.