АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен қақтығыстың тез арада аяқталатынына үміттенеді, деп жазады Egemen.kz.
«Біз бұл соғысты өте тез аяқтаймыз. Олар (Иран) шынымен келісімге келуді қалайды, олар шаршады», деді Трамп.
АҚШ президентінің айтуынша, бітімгершілік үдерісін өте тез аяқтауға болар еді.
Трамп сонымен бірге АҚШ-тың Иранның ядролық қаруға ие болуына қарсы екенін айтып, жағдайдың тез және «сыпайы» шешімін күтетінін атап өтті.
Бұған дейін Дональд Трамп Иран армиясы қаруын тастап, Тегераннан кетуін, ал ел билігінен жеңілгендігін құжаттап тізе бүгуін талап еткен еді.