• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Сәуір, 2019

Елордада 363 отбасы атаулы әлеуметтік көмек ала бастады

895 рет
көрсетілді

Қазіргі таңда 1648 отбасыға қатысты оң шешім қабылданса, 363 отбасы атаулы әлеуметтік көмек ала бастады деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Қазақстан астанасында атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушылардың шоттарына төлемдер осы жылдың 26 сәуірінен 4 мамырына дейін түсіру жоспарланып отыр», – деді жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Сәуле Нұрғожина. 

1 сәуірден бастап АӘК тағайындау үшін 9 725 отбасы өтінім берген, оның 2 483-іне атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін қабылданған, 2417-і өтініш аудандық округтік комиссияларға жолданды, 1 909 отбасыға қатысты аудандық комиссиялар оң шешім қабылдады. 

Тұтастай алғанда, жаңа форматтағы АӘК-пен 2500 отбасын (11 мыңнан астам адам) қамту жоспарлануда. 

Нұр-Сұлтан қаласындағы АӘК-ті алатын отбасылардың әр баласына (18 жасқа толмаған балаларға) 21 572 теңге сомасында кепілдік төлем немесе күнкөріс минимумының 70% -ы төленеді. 

Отбасының ересек адамдары үшін AӘК мөлшері жан басына шаққандағы табыс пен кедейлік шегі арасындағы (21 572 теңге) айырмашылық ретінде есептеледі. Осы жылдың 26 сәуірінен бастап 4 мамырына дейін алушылардың шоттарына төлемдер жүзеге асырылады деп жоспарлануда. 

Еске салайық, 1 сәуірден бастап, атаулы әлеуметтік көмекті алу тәртібі жеңілдетілді. Ал атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийінің мөлшері күнкөрістің ең төменгі деңгейінің 50-ден 70% -ға дейін артты. 

АӘК бойынша кеңесті E-халықтың деректер базасында оқыған ХҚКО-ы мамандарынан, сонымен қатар аудандық әкімдіктерде де алуға болады. 

2018 жылдан келе жатқан мәліметтерді ескеріле отырып, 481 отбасыға, 2 915 адам АӘК шартты ақшалай жәрдем 1 сәуірге дейін төленді. 2019 жылдың 1 сәуіріне дейін жоспарланған 363 шартты ақшалай көмек алушыға, 2019 жылдың 1 сәуірден бастап әлеуметтік келісімшарттың аяқталуына дейін шартты ақшалай жәрдемақылар сомасы қайта есептелді. 

АӘК тағайындау кезінде төрт немесе одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға тағайындалып,төленетін арнайы мемлекеттік жәрдемақылар, «Алтын алқамен», «Күміс алқамен» марапатталған көпбалалы аналарға тағайындалып төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы, немесе бұған дейін бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған аналарға тағайындалып, төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы, мүгедектігі бойынша балаға тағайындалатын жәрдемақы, стипендия, жергілікті бюджеттен төленетін біржолғы төлемдер есепке алынбайды. 

Әкімдіктің хабарлауынша, 1 сәуірден бастап АӘК алу жеңілдетілген. Ол үшін тек АӘК тағайындау туралы өтініш пен жеке басты куәландыратын құжат керек (әрбір отбасы мүшесінің), ал қалған ақпараттарды Е-халық дерекқорынан алуға болады.                                    

Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмектің әлеуетті алушылары үшін «жедел желі» жұмыс істейді. 111 бірыңғай байланыс орталығының тегін нөміріне қалалық телефон арқылы да, Smart Astana мобильді қосымшасы арқылы да қоңырау шалуға болады. 

Атаулы әлеуметтік көмек (AӘК) – тұрмысы төмен отбасыларға, соның ішінде көпбалалы отбасыларға, жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен аспайтын адамдарға немесе отбасыларға берілетін ақшалай жәрдемақы. Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылдың І тоқсанындағы ең төменгі күнкөріс деңгейі  30 817 теңгені, 2019 жылдың ІІ тоқсанындағы кедейшілік шегі 21 572 теңгені құрады.