• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Президент 26 Сәуір, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай Арена» мәдени-спорт кешенінің құрылысымен танысты

961 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысына нысанның құрылыс барысы таныстырылып, кешеннің алдағы жұмыс бағыты жөнінде баяндалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Жалпы, «Абай Арена» мәдени-спорт кешені облыс бюджеті есебінен бой көтеруде. Нысанның жалпы аумағы – 33,8 мың шаршы метр. Кешен осы жылдың соңында пайдалануға беріледі.

Сондай-ақ шара барысында Қазақстан Президентіне «Қарағайлы» тұрғын ауданының жобасы таныстырылды. 25,4 мың адамға арналған тұрғын ауданның аумағы – 787,7 мың шаршы метр. Биыл 13 үй пайдалануға беріліп, 800-ден астам отбасы баспаналы болады.