• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Экономика 27 Сәуір, 2019

Ұлттық банк қазақстандық банктердің жұмысын тексерді

1383 рет
көрсетілді

Ұлттық банкте 2019 жылғы бірінші тоқсанда екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың іс-әрекеттерінде қаржылық қызметтерді тұтынушылардың өтініштерін қарау қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар туралы айтылды, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз бөлімі.
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тәуекелге бағдарланған тәсілді пайдалана отырып, қадағалап ден қою шараларын қолдануға өтуді жүзеге асырды. Ұлттық Банк 2019 жылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың көрсетілген кезеңде қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына мониторинг және талдау жүргізді. Жүргізілген талдау нәтижелері банктер көп жағдайда Қазақстан Республикасының банк заңнамасында, сондай-ақ Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіптерді сақтамайтынын көрсетті.  2019 жылғы 1-тоқсанда әкімшілік жауапкершілік көзделген бұзушылықтар үшін банктерге ұсынылған әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 4 млн 500 мың теңгеден астам болды. 2011 жылдан бастап «Банктер туралы» заңда қаржы ұйымдарының банктік қарыз шарттарында қарыз беруге байланысты алуға жататын комиссиялардың толық тізбесін және олардың мөлшерін көрсету міндеті және жасалған шарт шеңберінде комиссиялардың жаңа түрлерін біржақты тәртіппен енгізуге тыйым салынды. Бұл ретте қарыз беруге байланысты комиссиялардың тізбесі және атаулары бойынша қандай да болсын шектеулер заңнамада белгіленбеген.  Тексеру барысында Ұлттық Банк несие шотын жүргізгені үшін комиссияны шартқа қосып қойған жағдайларды анықтады. «Төлемдер туралы» заңның 27-бабына сәйкес, осы бапта көрсетілген операциялар жүргізілмейтін, сондай-ақ банктегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдағы бухгалтерлік есептің позицияларын көрсететін шоттар, баланстық шоттың құрауыштары болып табылатын жеке шоттар (қосалқы позициялар), оның ішінде несиелік шоттар банктік шоттар болып табылмайды. Демек, несие шотын жүргізгені үшін алынатын комиссия банк қызметін көрсетуге байланысты комиссия болып табылмайды. Ұлттық Банк мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, несие шотын жүргізгені үшін алынатын комиссияны өндіріп алу практикасының заңдылығын бағалау бойынша жұмыс жүргізді. Бұл жұмыстың қорытындысы бойынша банктердің клиенттерден несие шотын жүргізгені үшін комиссия алуы заңсыз деп бағаланды. Осы орайда, Ұлттық Банк банктердің атына несие шотын жүргізгені үшін комиссия алу тәжірибесін тоқтату қажеттігі туралы хат жолдады. Несие шотын жүргізгені үшін комиссия алу фактісі анықталған жағдайда, Ұлттық Банк банктерге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тиісті шараларды қолдануға құқылы екендігі жөнінде ескертілді.   Ұлттық Банк несие шотын жүргізгені үшін комиссия алу тәжірибесін жалғастыруға қатысты кейбір банктердің  іс-әрекеттерінде анықталған бұзушылықтар бойынша қолданыстағы банктік қарыз шарттары бойынша несие шотын жүргізгені үшін комиссия алуды тоқтату ұйғарымы түрінде шектеулі ықпал ету шараларын қолданды.