• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 27 Сәуір, 2019

Қазақстан Президенті жұмыс сапарымен Павлодар облысына келді

1058 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Павлодар облысына келді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбукте мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдің бірқатар әлеуметтік және индустриялық нысандарын аралап көріп, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысымен танысады. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының облыс жұртшылығымен, соның ішінде мұғалімдер қауымымен, еңбек ұжымдарымен, жастар өкілдерімен кездесуі жоспарлануда», - деп жазды Б.Уәли. 

«ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісінің ақпаратынша, Президент сонымен қатар, «Қазақстан электролизді зауыты» АҚ-ның кеңесіне қатысады деп күтілуде. Бұдан бөлек, «Павлодар мұнай химия зауыты» ЖШС-ға, Жастар бастамаларын дамыту орталығына және Назарбаев Зияткерлік мектебіне баратыны көзделген.