• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
29 Мамыр, 2013

Генерал Андерс және… «Полонез»

413 рет
көрсетілді

Генерал Андерс және… «Полонез»

«Огинскийдің полонезі» десе, көзі ашық, көкірегі ояу жұрттың есіне миллиондардың ортақ мұң-зарына айналған әсем әуен орала кетеді. Оның жан тебірентер саз екенін кезінде осы аттас фильм де баршаға паш еткен. Бүгін сол әуеннің тарихына әуестікпен қайта үңілсек, поляктардың «полонез» деген сөзі қазақ халқының «атажұртты аңсау» дегеніне жақын келеді екен. Міне, әлемдегі ән мен күй әуесқойларының құлақтарының құрышын қандырған белгілі әуеннің түпкі мәні мен мағынасы қайда жатыр десеңізші?!.

 

«Огинскийдің полонезі» десе, көзі ашық, көкірегі ояу жұрттың есіне миллиондардың ортақ мұң-зарына айналған әсем әуен орала кетеді. Оның жан тебірентер саз екенін кезінде осы аттас фильм де баршаға паш еткен. Бүгін сол әуеннің тарихына әуестікпен қайта үңілсек, поляктардың «полонез» деген сөзі қазақ халқының «атажұртты аңсау» дегеніне жақын келеді екен. Міне, әлемдегі ән мен күй әуесқойларының құлақтарының құрышын қандырған белгілі әуеннің түпкі мәні мен мағынасы қайда жатыр десеңізші?!. Тарихи ұқсастыққа да таңғаласыз. Белгілі музыкант Михаил Клеофас Огинс­кий өзінің осы атақты полонезін, кезінде, по­ляк жеріндегі Костюшко көтерілісін ба­сып-жаншыған жат жерлік әскерлерден қуғын көрген уағында туған жеріне деген сағынышын жеткізу үшін жазса, біздің бүгінгі кішкентай мақаламыздың үлкен кейіп­керіне айналып отырған поляк және орыс генералы Владыслав Андерс те Кеңес Одағындағы саяси режімнің қы­сы­мынан қуғын-сүргін көріп, туған елі – Поль­шаның азаттығын аңсаумен арманда өт­кен қолбасшы болыпты. Қайсар генерал 1941 жылы басталған соғысқа КСРО елі аты­нан қатысуды да қаламаған. Тіпті, И. В. Сталиннің қаһарынан да қаймықпаған. Оны тарқатып айтса, таңның әңгімесі. Ақы­ры генерал Андерстің армиясы тара­ты­лып, сардарлары мен сарбаздары үркін­шілікке ұшыратылады. Сол әскердің бір шоғыры, яғни қуғын-сүргінге ұшыраған поляктарға Қазақстанның Меркі ауданындағы Сыпатай батыр ауылынан топырақ бұйырыпты деп кім ойлаған. Ал 500-ге жуық поляк жауынгері Тараз қаласындағы зираттарға жерленіпті.Жақында Меркі ауданында поляктар үшін аты аңызға айналған генерал Владыслав Андерстің армиясындағы тарыдай шашырап, жеткен жерінде көз жұмған жауынгерлердің қабірінен алынған топырақты Польша елінің астанасы Варшаваға жеткізіп, қайта жерлеуге арналған жиын өтті. Жиынға «Полонез» поляк этномәдени бірлестігінің мүшелері, соғыс ардагерлері және өңір басшылары қатысты. Польшаның еліміздегі Бас консулы Веслав Осуховски, «Полонез» поляк этномәдени бірлестігінің басшысы Лариса Калькова және Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының облыстағы өкілі Лариса Лысова поляк жауынгерлерінің ел мен жер тұрғысындағы өжеттігі мен өрлігін қанқұйлы НКВД-ның өзі сындыра алмағанын тебірене сөз етті.Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,«Егемен Қазақстан».Жамбыл облысы,Меркі ауданы,Сыпатай батыр ауылы. –––––––––––––––––Суретте: генерал Владыслав Андерс.