• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Сәуір, 2019

Ұлттар достығының «Алтын бесігі»

1670 рет
көрсетілді

Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Алтын бесік» фестивалі өтті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қоғамдық келісім» РММ, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының, Назарбаев университеті Алматы қаласындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен шараға республикалық және Алматы қалалық этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.

Фестивальді өткізудің бағыт-бағдарынан хабардар еткен «Қоғамдық келісім» РММ сарапшысы, «Достық Үйі» медиация кабинетінің жетекшісі Нұрсәуле Алтекова осындай мазмұндағы шаралар өскелең ұрпақтың бойында рухани құндылықтарды қалыптастыруға, ұлттық әдет-ғұрыптарды насихаттауға, сондай-ақ этномәдени кеңістікті дамытуға ықпал ететіндігін атап өтті.

Қазақстанда тұрып жатқан ұлттар мен ұлыс өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүрлерін насихаттауға бағытталған шараның ашылу салтанатында Д.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ректоры Өмірәлі Қопабаев,  «Орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ Алматы филиалының басшысы Владимир Шихитов, Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының профессоры Меңдіғаным Шаймерденова, ҚХА адагері Клара Хан, боулингтан үш дүркін Қазақстан чемпионы, Абу Дабиде гольфтан өткен әлем чемпионатының жүлдегері, Азия және Еуропа ойындарының күміс жүлдегері Элина Алиева, т.б. сөз сөйлеп, бейбіт елдің берекесі – татулық мен ынтымақты тірлікте жатқандығына тоқталды. Бүгінде халықтар достығы мен татулығын арттыруда Елбасының еңбегі зор екендігін атап өткен ассамблея мүшелері қалың көпшілікті алдағы саяси науқан - сайлауға бір кісідей атсалысуға шақырды.   

Ұлттық салт-дәстүр тақырыбын арқау еткен фестиваль барысында елімізде тұрып жатқан ұлт өкілдерінің театрландырылған қойылымдары, ұлттық киімдегі сазды бағдарламалары салтанатты кештің мазмұнын байыта түсіп, бесік жыры шырқалды. Әр ұлттың халық әндерімен қатар әуелеген танымал композиторлардың әндері кештің сәнін кіргізді.