• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Сәуір, 2019

Ресми кездесу соңы шайбалы хоккей ойынына жалғасты

964 рет
көрсетілді

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев бастаған делегация Қызылжар өңіріне жұмыс сапармен келіп, бірқатар нысандарды аралады.

Меймандар «С. Киров атындағы зауыт» АҚ-да болып, атқарылып жатқан ауқымды шаралармен кәсіпорынның бас директоры Амангелді Арғынбаев таныстырды. Мұнда  байланыс және қауіпсіздік жүйелері, цифрлық телевидение қондырғылары, мұнай-газ кешендеріне арналған құрылғылар шығарылады. Жуырда компания өнімдері  көпқабатты баспа платаларымен, интегралды шағын сызбалармен толығыпты. 700-ге жуық адам жұмыс істейді. Жыл аяғына дейін 18 миллиард теңгенің өнімдерін шығару жоспарланған.  Қазіргі тапсырыс 10 миллиард теңгеге жеткен.

Делегация мүшелері  «Радуга» ЖШС-де жеке индустриалдық аймағындағы өндіріс нысандарының, озық технологиялардың жұымыстарымен танысты.

Әкімдіктегі ресми кездесу соңы екі облыс құрамалары арасында өткен шайбалы хоккейден жолдастық кездесуге ұласты.