Қарағанды облысында Nur Otan партиясының бастамасымен республикалық деңгейдегі «Ұрпақтар естелігі» акциясы өтіп жатыр.
Шара барысында партияның аймақтық филиалдарының «Жас Отан» жастар қанатының және бастауыш партия ұйымдарының өкілдері Ұлы Отан соғысына арналған ескерткіштер мен мемориалдарды ретке келтіріп, аумақтарын абаттандырады. Сонымен қатар олар майдан қаһармандарының атындағы көшелер мен даңғылдарды қоқыстан тазартуды да алдарына мақсат етіп қойған.
Сәуір айының 20-сынан басталған акция облыстың 18 қаласы мен ауданын қамтыды. Шараға 350-ден астам қатысып, олар бүгінгі күнге дейін 26 ескерткіш пен мемориалды және обелискіні қалпына келтірді.
Еске салсақ, Қарағанды облысында 171 жауынгерлік даңқ ескерткіші бар.
Қарағанды облысы