Хоккейден А тобындағы алғашқы дивизионның әлем чемпионаты 2019 әсерлі шоу-бағдарламамен ашылмақ.
«Ашылу салтанатында жанкүйерлерді 3D-технологиялар қолданылған лазерлік шоу күтеді. Турнирдің ашылу салтанаты 29 сәуірде сағат 19:30-да «Барыс-Аренада» өтетін болады. Естеріңізге салайық сағат 20:00-де Қазақстан мен Словения құрамалары арасындағы матч басталады», – делінген хабарламада.
Алғашқы дивизиондағы хоккейден әлем чемпионаты Қазақстанда тұңғыш рет өткізілуде. Топ-дивизионға екі жолдама алу үшін Қазақстан, Словения, Белорусь, Оңтүстік Корея, Венгрия және Литва құрамалары бақ таластыратын болады.