• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Сәуір, 2019

Шымкенттіктер «Шыңырауды» тамашалайды

900 рет
көрсетілді

Шымкентке гастрольдік сапармен Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры келді. Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры алдымен қала әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында кезекті өнер сапарының жоспарымен бөлісті.
2003 жылдың 21 наурызында Ғ.Мүсі­реповтің «Қыз Жібек» музыкалық драмасымен ашылған өнер ұжымын бастап келген театр директорының орынбасары Тоқтамұрат Тілеу аталған мекеме туралы қысқаша таныс­тырып өтті.

«Құрамында 200-ге жуық қызметкері бар шығармашылық ұжым 16 жылдың ішінде үш халықаралық және бір республикалық театр фестивалінің бас жүлдесін, бірнеше рет атау­лы номинацияны иеленген. Құр қол қайтқан кезіміз жоқ. Алдағы жоспарларымыз туралы айтар болсақ, заманымыздың заңғар жазушысы, кемеңгер қайраткер Ә.Кекілбаевтың 80 жылдығына орай ТҮРКСОЙ ұйымымен және Мәдениет және спорт минис­трлі­гінің қол­дауымен «Әбіш әлемі» атты І Халық­­аралық театр фестивалін өткізуге дайын­далып жатырмыз. Осы сапарымызда шымкенттік көрермендерге «Шыңырау» (драма), «Атың өшсін,...!» (трагифарс), «Әли­хан­­ның аманаты» (реквием), «Ханума» (поп-арт музыкалық комедия) қойылымдарын ұсын­бақпыз», деді Тоқтамұрат Тілеу.

«Еліміздегі ең жас театр болсақ та актер­леріміз өздерін шығармашылық тұрғы­дан үнемі шыңдап келеді», дейді қонақтар. Оның жарқын дәлелі ретінде «Дарын»Мемлекеттік жастар сыйлығының және «Ең­лікгүл» кәсіби сыйлығының иегері Медғат Өмірәлиевті айтуға болады. Мұнан бөлек, театр әртістері отандық сериалдар мен фильм­дерге («Күләш», «Қыз жолы», «Ақылдың кілті», «Тар заман», «Балуан Шолақ») түсіп, ұл­тымыздың көптеген мемлекет және өнер қай­­раткерлерінің рөлдерін сәтті сомдап, рес­пуб­лика көрермендерінің арасында таны­мал­дылыққа ие болған. 

ШЫМКЕНТ