• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Сәуір, 2019

Қоғамдық келісім мен ұлтаралық бірлік - ең басты құндылық - Нұрсұлтан Назарбаев

1426 рет
көрсетілді

Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев XXVII сессия барысында айтты.

"Жаһандық әлем біздің көз алдымызда қуатты трансформацияны бастан кешуде. Біз бәрін түсінеміз және жаңа тарихи дәуірде өмір сүреміз. Айналамыздағы басқа әлем, басқа технология жүріп жатыр. Бірақ мұндай ауыспалы шақта бір тұрақты іргелі құндылық бар - бұл қоғамның бірлігі мен ұлтаралық келісім. Біз дем алатын ауаға айналған құндылық. Мүмкін, осы маңызды фактор болашақта біздің бәсекеге қабілеттілігімізді анықтайды", деді Елбасы.

Айта кету керек, Елбасы ҚХА-ның жаңа орынбасарларын таныстырды. Ассамблея кеңесінің ұсынысымен ҚХА Төрағасының орынбасары қызметіне «Вайнах» шешен-ингуш қоғамының мәдениетін дамыту Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма мүшесі Юсуп Келигов пен «Дустлик» өзбектердің республикалық қауымдастығының  сарапшысы Шерзод Пулатов Өкіммен тағайындалды.