• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 29 Сәуір, 2019

Елімізде 11 тілде телебағдарламалар шығарылып, 15 тілде баспасөз жұмыс істейді - Елбасы

1066 рет
көрсетілді

«Бізде этностардың құқығын шектейтіндей бірде-бір заң жоқ. Барлық азаматтардың теңдігі - тікелей мәтінмен елдің басты заңында тайға таңба басқандай жазылған» бұл туралы Тұңғыш Президент - Елбасы, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясында айтты.

«Кезінде Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы - маңызды шешімдердің бірі болғанын атап өту керек. Халықтың тілегімен құрылған ұйым елдің абыройлы конституциялық ұйымына айналды. Бірінші күннен бастап, Ассамблея мемлекет пен халық алдындағы жауапкершілікті сезініп келеді. Біздің елдің саяси жүйесіне Ассамблея барлық этностар мен конфессияларды интеграциялады. Ассамблеяны біздің елдің саяси жүйесіне интеграциялай отырып, біз өзіміздің ұлттық бірліктің бағытын құрдық» деді Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде мемлекет этникалық тілдер мен мәдениеттерге де қамқор болып келе жатқанын тілге тиек етті. «Еліміздегі 88 мектеп өзбек, тәжік, ұйғыр, украин тілінде білім береді. Ал 108 мектепте Қазақстан этностарының 22 тілі жеке сабақ ретінде оқытылады. Елімізде 15 тілдегі 35 баспасөз бар. 11 тілде телеарналарда бағдарламалар шығып жатыр. 14 орыс театры бар. Өзбек, ұйғыр және корей театрлары бар. Мұндай тек біздің елде ғана бар», деді Елбасы.