Жеткен жетістіктеріміздің негізі – халықтың бірлігі, ынтымағы, ауызбіршілігі. Біздің елді мекендейтін этностар тату-тәтті тірлігінің арқасында бір-бірінен көп нәрсе үйреніп, үлгі алды, осы үндестік мемлекет дамуының кепілі болды. Елбасының отыз жыл бойы бірлікті ұстын етіп, оны маңызды бағыт ретінде алға тартып келгені тегіннен-тегін емес. Шын мәнінде, бірлік ол сөз күйінде қалып қоймай, іспен де дәлелденіп келеді.
Соның бір айғағы – Ассамблеяның жылда өтетін осы дәстүрлі жиыны. Әр сессияның мақсат-міндеті бар. Сол жолдан айнымай, бүгінгі сессияда да маңызды бағыттар нақтыланып, Қазақстанның алдағы дамуына серпін беретін, тұғыр болатын дүниелер әңгіме болды. Этносаралық татулық жалпыұлттық бірлік деңгейіне шықты. Жалпыұлттық келісім – бұрын сөз болып жүрген этностар арасындағы достықтан жоғары тұратын сапалы саты. Ал сапа жағынан қарағанда бұл ұйым өскен, өркендеген. Ол Қазақстанның ортақ мақсатына қызмет ете береді деп ойлаймын.
Дархан МЫҢБАЙ, Парламент Мәжілісінің депутаты