Қазақстан халқы Ассамблеясы – әлемде теңдесі жоқ ерекше институт. Ол – біздің халқымыздың, елімізде тұрып жатқан барлық этнос өкілдерінің басын қосатын, бәріміз жиналып ақылдасатын, бір-бірімізге тілеулес болатын, еліміздегі ынтымақ пен бірлікті арттыруға зор қызмет жасап жүрген керемет ұйым.
Ассамблеяның кезекті сессиясына республикамыздың түкпір-түкпірінен азаматтарымыз, түрлі этнос өкілдері жиналып, еліміздің елдігін ту етіп көтеріп отырмыз. Тек бұл ғана емес, Ассамблеяның әр сессиясында өзекті, маңызды мәселелер қарастырылады. Қазір еліміз жаңа өмірге аяқ басып келе жатыр. Алда мемлекет үшін маңызды президенттік сайлау бар. Халықаралық қоғамдастықта болып жатқан тұрақсыздық, әлбетте, елімізге әсер етпей қоймайды. Тәуелсіздік алған жас мемлекет үшін ел тұтастығы, ынтымақтастығы, бірлігі үлкен маңызға ие. Ел ынтымағы мен бірлігіне негізделген институттар, қарым-қатынас, татулық жалғасын таба беруі керек.
Әли БЕКТАЕВ,
Парламент Сенатының депутаты