• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Сәуір, 2019

Ә.Бектаев: ҚХА – әлемде теңдесі жоқ ерекше институт

932 рет
көрсетілді

Қазақстан халқы Ассамблеясы – әлемде теңдесі жоқ ерекше институт. Ол – біздің хал­қы­мыздың, елімізде тұрып жатқан барлық этнос өкілд­ерінің басын қосатын, бәріміз жиналып ақыл­дасатын, бір-бірімізге тілеулес болатын, еліміз­дегі ынтымақ пен бірлікті арттыруға зор қыз­мет жасап жүрген керемет ұйым.

Ассамблеяның кезекті сессиясына респуб­ли­камыздың түкпір-түкпірінен азаматтарымыз, түрлі этнос өкілдері жиналып, еліміздің елдігін ту етіп көтеріп отырмыз. Тек бұл ғана емес, Ас­сам­блеяның әр сессиясында өзекті, маңызды мәсе­лелер қарастырылады. Қазір еліміз жаңа өмір­ге аяқ басып келе жа­тыр. Алда мемлекет үшін маңызды президенттік сай­лау бар. Халық­аралық қоғамдастықта болып жатқан тұрақ­сыз­дық, әлбетте, елімізге әсер ет­пей қоймайды. Тәуел­сіздік алған жас мемлекет үшін ел тұтастығы, ынты­мақ­тастығы, бірлігі үлкен маңызға ие. Ел ынтымағы мен бірлігіне негіз­дел­ген институттар, қарым-қатынас, татулық жал­ғасын таба беруі керек.

Әли БЕКТАЕВ,

Парламент Сенатының депутаты