• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Руханият 01 Мамыр, 2019

Құйқылжы сырнай, күмбірле домбыра!

1100 рет
көрсетілді

Халық шығармашылығын насихаттау, өскелең ұрпаққа музыкалық-эстетикалық білім, тәрбие беру мақсатымен ұйымдастырылған «Ғасырлар музыкасы» атты көрмеде Юрий Бакайдың жеке мұрағатынан алынған көне музыкалық аспаптар коллекциясы жұртшылықтың назарын еріксіз аударды.

Әке-шешесі оның өнерге деген қызығушылығын ерте байқап «Маричка» сырна­йын сатып әпереді. Содан бері музыканың тылсым сырына, ғажайып үніне деген іңкәрлік, құштарлық оның жан дүниесін баурап алумен қатар отбасын асырау кәсібіне де айналады. Екінші сыныпта сырнай тартуды жете үйреніп алғаннан кейін ауыл сахнасында «Крейсер Аврора» шығармасын құй­қылжыта тартып, ду қол шапалақтауға масаттанып кетсем керек, тағы да тартайыншы деп қатты қиыл­ғаным есімде, деген өнер иесі музыкалық аспаттар жинау хоббиіне қалай, қашан білек сыбана кіріскенін таратып айтып берді. Күншілік жерлерге дейін ат арытып барып тырнақтап толықтырған кол­лекциясында қазір екі жүзге тарта сырнай, баян, аккордеон, домбыра, скрип­ка, дабыл, дағыра, кас­теньет, гитара секілді ас­паптардың түр-түрі жи­­нақ­талған. Араларында сый­ға тартылғандары да бар. Көбіне сатып алады. Дыбысталуы, сазы жағынан бір-біріне ұқсамайтын қай-қайсысын болсын ол еркін тарта алады. Қолы епсекті. Сынғандарын жөндейді.

Сырнайлардың ішінде ең көнесінің «жасы» бір ғасырдан асып барады. Оны Ресей жақтан алдыртқан. Ең қымбаттысы, майдангер ағасы Ильядан мұра ре­тінде қалған. 53 жастағы му­­­зы­­­кант бүгінде облыс­тан шал­ғай орналасқан Полтавка елді мекеніндегі мәдениет үйін­де жұмыс іс­тейді. Осында «Хуторок» ба­лалар ансамблін құрып, же­текшілік етіп келеді. Ол му­зыкалық аспаптардың құ­лағында ойнайтын бір­­­неше буын тәрбиелеп шық­­­ты.

Жергілікті музыкант кол­лекциясын толықтырып отыруды ұмытқан емес. Әйгілі шебер Владимир По­техиннің сырнайын іздес­тіріп жүргенін жасырмайды. Көкейге қонақ­таған ар­манның бірі – туған ауы­лында музыкалық аспаптар музейін ашу. Ол үшін арнайы ғимарат сатып алыпты. Қаражат табылса, күрделі жөндеуден өткізіп алған соң түпкі мақсатына ден қоймақ.

Айтпақшы, ұмытып барады екенбіз, ресейлік атақ­ты өнерпаздар За­во­­­­­локиндер отбасы не­гі­зін қалаған дәстүр ізі­мен «Құй­қылжы сырнай, күм­­­бірле домбыра» мә­дени шарасы өңір­де жаң­ғыр­тылса деген ұсы­­­нысы ескерусіз қал­маса екен деген тілегі бар.

Солтүстік Қазақстан облысы