• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Руханият 01 Мамыр, 2019

Зағип жандар Шекспир туындысын сахналады

1154 рет
көрсетілді

Петропавлдағы көзі нашар көретін және зағип адамдар кітапханасында ерекше спектакль қойылды.

Ұйымдастырушылар зағиптардың қатысуымен Уильям Шекспирдің «Ромео мен Джулетта» трагедиясын сахналады. Қойылым  ұлы драматургтың 455 жылдығына арналды. Осындай театрландырылған қойылым өңірде алғаш рет қойылғанына қарамастан, тұсауы сәтті кесілді. Басқа салды, мен көндім деп тағдырдың жазуына  қол қусырып отырмай, көздің емес, көңілдің ашық болуы әлдеқайда маңызды екендігін  драмалық шығарма арқылы  ұғындыра білген әуесқой әртістерге деген құрмет шексіз болды.

«Спектакльді қою идеясы көңілімізден шығып, қатысуға бірден тілек білдірдім. Менің рөлім аса қиын болмаса да,  аздап қобалжығаным рас. Біз осы қойылым арқылы  аңызға айналған махаббаттың құдыреттілігін, шынайылығын суреттеуге тырыстық», дейді леди Капулеттидің бейнесін сомдаған Жұпар Абраева.

Кітапхана қызметкерлерінің айтуынша кейіпкерлердің сөздері аудиожазба арқылы жіберіліп, өте ыңғайлы әдістер таңдап алынған көрінеді. Кітапхана меңгерушісі Әрсен Нұғыманов қойылымға  1 ай уақыт дайындалғандарын , У. Шекспирдің туған күніне орайластырылғанын, алдағы уақытта театрландырылғана  туындылар  санын көбейтуді жоспарлап отырғандарын айтады. Бүгінде зағип және нашар көретін азаматтар кітапханасында бір  мыңнан астам оқырман бар.

Солтүстік Қазақстан облысы