Нұр-Сұлтанда Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу аясында 46 фонтан кешені іске қосылды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Алматы ауданы бойынша - 10, Байқоңыр ауданында - 2, Есілде - 23, Сарыарқа ауданында - 11 субұрқақ іске қосылды.
Субұрқақтар қала тұрғындары көптеп жиналатын танымал демалыс орындарында қосылды: 1. Музыкалы субұрқақ- Нұрсая ТК, Нұржол желекжолы;
2. «Жетісу» субұрқағы;
3. «Арай 3» субұрқағы - Арай-3 саябағы;
4. «Каскад» субұрқағы - «ҚазМұнайГаз» ғимаратының алдындағы алаң;
5. Фонтандар каскады - Республика даңғылы мен - Омаров көшесінің қиылысы;
6. «Дөңгелек пен таға» субұрғағы - «Ғашықтар» саябағы.