• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Мамыр, 2019

Ақтауда дағыстандық азамат өнер көрсетті

864 рет
көрсетілді

1мамыр мерекесінде ақтаулықтар алдында дағыстандық арқанмен жүруші Виталий Касымов өнер көрсетті.

Жерден төрт метр биіктікке керілген арқан бойымен жүріп, жүгіріп, билеп, велосипед теуіп және шеңбер айналдырған, өзге де қиын акробатикалық қимылдар жасаған 29 жастағы Виталийдің өнеріне көрермендер риза болды.

«Арқанмен жүрушілер» тобының жетекшісі Н.Муртузов  аталмыш өнердің адамнан мықтылықты, шыдамдылықты қажет ететіндігін, сондай-ақ көрермендерін таңғалдыратын ерекше өнер екендігін, ал В.Касымов үшін бұл өнердің  отбасылық дәстүр екендігін айтты. Яғни, Виталийдің әкесі мен 28 жастағы інісі де айрықша өнердің иелері екен.

Қиын өнерді машық еткен жігіттер шақырут бойынша Ақтаудан соң Арменияға аттанатындықтарын жеткізді.