• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Мамыр, 2019

Қостанай облысында полицейлер 11 үйір жылқыны тауып берді

1169 рет
көрсетілді

Жангелдин ауданының полиция бөліміне осы аудандағы Көлқамыс ауылынан жоғалған 62 бас ірі қара мен 12 үйір, яғни 243 бас жылқының жоғалғаны жөнінде суыт хабар келіп түсті. Малды жедел іздестіруге облыстық Полиция департаментінің және аудандық полиция бөлімінің тәжірибелі қызметкерлерінен құралған арнайы 5 топ шықты.

Полицейлер Көлқамыс бөлімшесінің оңтүстік-шығысына қарай 20 шақырым жерде жоғалған малдың 11 үйірін, яғни 228 жылқы мен 59 ірі қараны тапты. Қазір мал иесіне табыс етілді.

Малдың барлығы дерлік еркін жайылымда жүргенде жоғалатынын полиция тағы да ескертті. Сол үшін малға ен салуды, таңбалауды тағы да өтініп, ауыл тұрғындарын хабардар етті. Егер малын таңбаламаса, дұрыс ұстамаса, әкімшілік айыппұл салынатын болады. Өйткені жоғалған малды іздестіру үлкен шығынға түседі.