Облыстық білім басқармасының хабарынша, жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін бұл байқау еліміздің Отан қорғаушылары және Жеңіс күні мерекесіне арналды.
Мақсат-жастардың патриоттық сезімдерін оятып, ел қорғауға, отансүйгіштікке, ерлікке, батылдыққа тәрбиелеу, әскер қатарына қосылып, ел адындағы азаматтық борышын ақтауға қалыптасыру.
Жалпы, байқауға қатысушы жастар парадтық есептердің сырт түрін қарау және теориялық білімдерін сынау, салтанатты шерумен өту, ән айтып жүру өту секілді үш кезең бойынша қатысты.
Сонымен, байқау қорытындысы бойынша қалалар арасында І орынды облыс орталығының № 1 командасы, ІІ орынды № 2 командасы, ІІІ орынды Екібастұз қаласының командасы иеленді.
Ал, аудандар арасында І орынды Тереңкөл ауданының қыздар командасы, ІІ орынды Успен ауданының командасы, ІІІ орынды Ертіс ауданының командасы иеленді.
Жеңімпаз командалар арнайы диплом және кубоктармен марапатталды.