• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Мамыр, 2019

Риддерде «Виртуалды сот» кабинеті ашылды

1041 рет
көрсетілді

Риддер қаласының Бутаково ауылында Жоғары соттың жеті басым бағыты аясында «Виртуалды сот» кабинеті ашылды.

Кабинеттің мақсаты – тұрғындардың уақыты мен қаржысын үнемдеу, артық шығындарға жол бермеу, ең бастысы, тұрғындарға қолайлылық.

Кабинеттің ашылуында сөз алған Риддер қалалық сотының төрағасы Ғалия Оспанова енді ауыл тұрғындары қалаға бармай-ақ сот процесіне бейнеконференция арқылы осы жерден қатысуға мүмкіндік алатынын атап өтті. Айтпақшы, бұл ауылда алғашқы виртуалды сот өтіп те үлгеріпті.  Ауыл тұрғыны Анна Лукьянова мұндай кабинеттің ашылғанына алғысын жеткізіп, ризашылығын білдірді.