Қазақстан тарапының бастамашылығы бойынша 2017 жылы 2 желтоқсанда бекітілген екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың жол картасы, сондай-ақ шекаралық, көлік, фитосанитарлық және ветеринарлық бақылау, кедендік және салықтық әкімшілендіру саласындағы ынтымақтастық бойынша Жол картасының орындалуы туралы нәтижелерді талқылау бойынша жұмыс кездесуі өтті.
Кездесуде қазақстан-қырғыз шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының қозғалысы туралы мәселелер талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар дәлме-дәл декларацияны анықтауға, импортталатын тауарлар туралы сенімді ақпарат алмасуға бағытталған шараларды күшейтуге келісті.
Тараптар белгілі бір тауар топтарына қатысты шығын тәуекелдерінің көрсеткіштерін біріздендіру бойынша жұмысты аяқтауға келісті, сондай-ақ бірлескен құндық тәуекел көрсеткіштерін қосымша біріктіру бойынша ұсыныстармен алмасуды, Қытай Халық Республикасынан тауарлар әкелу кезінде ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдайды.
Кездесу соңында қызмет басшылары екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады және жұмыс кездесуінің хаттамасына қол қойды.