Қостанай облысының Амангелді ауданында өткен Қызғалдақ фестивалінде 500 домбырашы Құрманғазының «Балбырауын» және халық күйі «Келіншекті» ойнады.
Домбырашыларды мәдениет саласының үздігі, еңбек ардагері Сапарғали Ахметжанов дайындады. Ол 73 жасқа келген жасына қарамастан оқушылардан, ауыл тұрғындарынан құралған домбырашыларды он күн дайындады.
«Мен Амангелді ауданының тумасымын, осы жердің патриотымын. Енді шілде айында өтетін домбыра күнінде амангелділіктер 1000 домбырамен күй ойнайтын боламыз», дейді Сапарғали аға.