• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Мамыр, 2019

Қостанайда ірі астық ұрлығының жолы кесілді

937 рет
көрсетілді

Федоров аудандық полиция бөлімінің жол патрулінде жүрген полицейлері Иван Гальмуев пен Ермек Өтемісов аудан орталығында екі «КАМАЗ» автомашинасын тоқтатты. Полицейлер екі машинаның да тіркемесіне астық тиелгендігін байқады. Ал жүргізушілер күдікті көрінді.

Тәжірибелі полицейлер бұл тегін машина емес екенін бірден білді. Құжаттарын тексере келгенде жүргізушілерде астықты қайдан, кімнен алғаны туралы анықтама құжаттар жоқ болып шықты. Соңынан олардың артып бара жатқан астығының ұрланғаны белгілі болды.

Аудандағы бір кәсіпорыннан ұрланған астықтың көлемі 60 тонна 860 кг, құны 4 миллион теңгеден асады. Бұл оқиға тіркеліп, қазір ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қостанай