Жалпы, облыс бойынша, атап айтқанда Теміртау, Балқаш, Саран, Шахтинск, Приозерск, Қаражал қалаларында, Абай, Бұқар жырау, Қарқаралы және Нұра аудандарында бұл күні 27 отбасы баспаналы болды.
– Бұл – ең мейірімді және жарқын мерекелердің бірі. Осындай күні бейбітшілік пен келісімде өмір сүру біздің халқымыздың ең басты байлығы екені ерекше сезіледі. Елбасының арқасында елімізде ұлтаралық келісімнің бірегей үлгісі, сенім, ынтымақтастық пен өзара түсіністіктің ерекше ахуалы қалыптасты. Біздің күшіміз осында, – деді облыс басшысы.
Облыс әкімі, сонымен қатар мамыр айының соңына дейін 130-дан астам көп балалы отбасының баспанаға ие болатынын мәлім етті. Ал жыл соңына дейін облыста 560 көп балалы отбасын баспанамен қамту жоспарда бар.Баспаналы болып, қуанышы қойнына сыймаған көп балалы ана Айгүл Әбішева атқарушы билікке деген өзінің алғысын зор тебіреніспен айтты.
– Мен өте қуаныштымын. Осы күнді 19 жыл күттік, міне бүгін, осындай жарқын мерекеде облыс әкімінің қолынан пәтер кілтін алып отырмыз. Менің алты балам бар, бүгінгі күнге дейін пәтер жалдап тұрдық, біраз қиналдық. Бірақ енді бізде бәрі жақсы болады. Осындай сыйлық үшін барлығыңызға рақмет! Бұл күн – біздің отбасы үшін естен кетпес ерекше күн болып қалады, – деді ол.
1 мамыр күнгі мереке облыстың қалалары мен аудан орталықтарында, барлық елді мекендерінде кеңінен аталып өтті. Бұл күні саябақтар мен алаңдарда театрландырылған қойылымдар мен концерттер және облысты мекен еткен түрлі ұлттардың дәстүрлі тағамдарының байқауы ұйымдастырылды. ҚАРАҒАНДЫ