• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Мамыр, 2019

Балаларға бейімделген шығармашылық жобалар ерекше көрермендерін қуантты

1109 рет
көрсетілді

Әуелі «Әрбір – бала мектепке лайық» жобасын жүзеге асырып жүрген «Болашақ» корпоративтік қоры 2015 жылдан бері аутизм және басқа да даму ерекшеліктері бар 248 баланың инклюзивті білім алуына ықпал еткенін айта кету керек.

Осылайша, еліміздің екі мега­поли­сінде ерекше көрермендер үшін екі жаңа шығармашылық жоба сәтімен атқарылды. Ал­маты­­­­­­дағы «Cinemax» кино­театрында «off-line каникулдары» қазақ­­­­стандық отбасылық коме­диясының осы санаттағы бала­қайларға бейімделген көрсетілімі өтсе, елордада «Жануар­лар кар­навалы» музы­калық-поэтикалық кон­церті қойылды.

Аутизмге шалдыққан бала­лар­ға ар­налған мұндай шараларда барлығы қарас­тырылады: ашық есіктер, жарық шамдар, дыбыстың бәсең болуы, былайша айтқанда, сенсорлық аймақтың балаларға жақын орнатылуы, сондай-ақ кинозал мен театр қызметкерлеріне балалармен тиісті қарым-қатынас жасауы ескертіледі. Қор директоры Динара Чайжунусова мұндай бастамалардың үлкен қоғами-әлеуметтік маңызға ие екенін атап өтті. Балалардың бәрі қандай жағдайда да әлеуметтік ортада тең болуы керек. 

Нұр-­Сұл­тан қаласындағы «Жануар­лар карнавалы» бейім­делген қойылымын «Болашақ» корпоративтік қоры мен «Астана-Опера» опера және балет театры бірлесіп ұйымдастырды. 

«Мұндай бейімделген концерт бала­ларымызға шаттық пен қуаныш сыйлады. Біз үшін ерекше күтімді қажет ете­тін балалардың білім саласында ға­на емес, мәдени тұрғыда өз­дерін ер­кін ұстап, басқа балдырғандармен тең бол­ғаны ма­ңызды. «Астана-Опера­мен» бір­лескен бастамамыз ерекше қажет­тіліктері бар балаларға тағы бір үлкен мереке сыйлады», деді «Бола­шақ» кор­поративтік қорының директоры.

Балаларға арналған концерт жануарларсыз өткізілсе де, кішкентай көрермендер симфониялық оркестрдің көмегі­мен түрлі хайуанаттардың ды­быс­тары мен дауыстарын ес­тіп, тани алды. «Жануарлар кар­навалы» француз композиторы Шарль-Камиль Сен-Санс­тың танымал туындысы екенін еске сала кетейік. Бұл сюита алғаш 1886 жыл­­дың 9 наурызында орындалған. Атал­­­ған жұмысты музыкалық әзіл деп есеп­тегендіктен, Сен-Санс «шалағай» музы­каның авторы болғысы келмейтінін айтып, тірі кезінде сюитаны жариялауға тыйым салады. Осылайша, композитор 1921 жылы бақилық болғанына дейін «Жануарлар карнавалы» тек жеке үйлер мен салондарда қойылатын болған.

Бірақ «Жануарлар карнавалы» әзілге толы, оның кейбір бөліктерінде таны­мал музыкалық елік­теулер, яки дәйек­сөздерін есту­ге болады.

Жоба Nur Otan партия­­сы­ның «Ке­дер­гісіз келешек» жо­басының «Ин­клю­зивтік білім беруді дамы­­­туға жәр­дем­­­­­­­десу» бағыты аясында іске асы­ры­луда. Сондай-ақ биыл Ақмола, Ақ­төбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қара­ғанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыс­тарында аутизмге ұшы­ра­ған балаларға арналған 20 қолдау кабинет­і ашылады.

АЛМАТЫ