• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Сайлау 06 Мамыр, 2019

Жамбыл Ахметбеков президенттікке кандидаттың куәлігін алды

1085 рет
көрсетілді

Орталық сайлау комиссиясы Жамбыл Ахметбековты Қазақстан Президенттігіне кандидат ретінде тіркеді. Бүгін оған кандидаттың куәлігі ресми түрде табысталды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Комиссия мүшесі Бақыт Мельдешовтың айтуынша, осы уақытқа дейін кандидаттың барлық құжаттары тапсырылды. Лингвистикалық комиссия оның мемлекеттік тілді еркін меңгергенін растады. Ал Орталық сайлау комиссиясы оны заңның барлық талаптарына сәйкес деп танып, кандидатқа қажетті қол қою парақтарын берген болатын. 

«Президенттікке кандидат Жамбыл Аужанұлы Ахметбековты қолдап Қазақстанның 16 өңірінен 138 294 азаматтың қолы жиналды. Соның ішінде 135 506 қол расталды. Ал Орталық сайлау комиссиясының қаулысы бойынша кандидатты қолдайтын қолдардың қажетті саны кемінде 118 140 болуы шарт», деді Б.Мельдешов. 

Орталық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес, Жамбыл Ахметбеков 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына кандидат ретінде тіркелді.