• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 07 Мамыр, 2019

Мәжілісмендер Қызылордадағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету балалар орталығының жұмысымен танысты

1098 рет
көрсетілді

Мәжіліс депутаттары Абзал Ералиев, Наталья Жұмаділдаева, Балаим Кесебаева мен Нұржан Әлтаев Қызылорда облысы Талсуат ауылдық округінде орналасқан арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету балалар орталығының жұмысымен танысты. Бұл туралы Мәжілістің Баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында депутаттар Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мүмкіндігі шектеулі азаматтарға соның ішінде балаларға, аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдауға бағытталған әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыру жөніндегі мәселелерді жан-жақты сөз етті.

Халық қалаулылары «Nur Otan» партиясының 2030 жылға» дейінгі бағдарламасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылған және оның мақсаты - мүгедектерді толық қолдауды қамтамасыз ету, арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетудің прогрессивті принципіне көшу екені туралы мәлімдеді.

Сондай-ақ, партия бағдарламасында осы мәселе бойынша халықаралық стандарттарға сай келетін, мүгедек балаларды тәрбиелейтін отбасыларға қаржылай көмек көрсету деңгейін арттыру қарастырылған. Атап айтқанда, балалардың ата-аналары мен қамқоршыларына арналған жәрдемақы ағымдағы жылдан бастап 30%-ға артты, мүгедектерді әлеуметтік қолдау инфрақұрылымы жаңғыртылады. Мүгедектерге арналған пансионаттар қалаларда да, ауылдық елді мекендерде де әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына ауыстырылуы тиіс.  

Депутаттарға орталықты таныстырған мекеме басшысы Айгүл Шамшатова:

- Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға медициналық, әлеуметтік жағдай жасауда ғимараттың қызмет көрсетуге арналған әрбір бөлмесі заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Қазір стационарда - 64, ал жартылай стационарда - 46 мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиеленіп, ем алуда, - деді.

2016-2018 жылдарда орталықта ем алған 30 азамат отбасына сауығып оралған. Жалпы жағдайы оңалғандар саны саны 34, дене қимыл қозғалысы жақсарғандардың саны 69, сондай-ақ, 15 бала қосалқы тірек аппаратын тастап, аяққа тұрды.   

- Біздер бірнеше күннен бері облыстағы бірқатар аумақтарда болып, шалғай елді мекендердің жағдайымен таныстық. Ол жерлерде де түрлі әлеуметтік нысандар пайдалануға берілгендігін көзімізбен көрдік. Осы балалар орталығы мүмкіндігі шектеулі балғындарымыз үшін өте қажет. Мұнда барлық жағдайлар жасалған. Облыс бойынша жергілікті тұрғындармен кездесу барысында арнаулы  әлеуметтік көмектің есептелуіндегі мәселелер өзекті боп тұрғанын байқадық. Алдағы жұмыста осы мәселені есепке алатын боламыз,- деді мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев.