• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
07 Мамыр, 2019

ҚОЙГЕЛДІ БАТЫР ТУРНИРІ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

1723 рет
көрсетілді

Биыл бесінші мәрте өткізіліп отырған бұл турнир биыл қомақты қаржылай қолдауымен ерекшеленді.

Көкпекті ауданында Кеңес Одағының Батыры Қойгелді Аухадиевтің еске алуға арналған футзал турнирі мәресіне жетті. Биыл бесінші мәрте өткізіліп отырған бұл турнир биыл қомақты қаржылай қолдауымен ерекшеленді. 

«Батыр ұрпақтары 7 айға созылған турнирдің қомақты жүлде қорын қамтамасыз етті. Қараша айында өткен жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімі Асхат Смаилов өз атынан арнайы қаржылай жүлде де тағайындаған еді. Турнир жеңімпаздарын марапаттау салтанатында сөз алған батыр ұрпағы Ерлан Қойгелдин бұл мемориалдың спорттық рухты көтеріп, жігерді тасытқаннан басқа, жұртты салауатты тұрмыс салтына баулу тәрізді насихаттық бағыты да бар екеніне назар аударды. Жастардың тартысты ойынын тамашалауға аудан әкімінің орынбасарлары Марат Теміржанов пен Дәурен Қойгелдин, Ішкі саясат бөлімінің басшысы Бек Нұғыбаев, Спорт бөлімінің басшысы Ержан Кәрібаев, Жастар орталығының директоры Азамат Халық, мәслихат депутаттары мен футбол жанкүйерлері жиналды.

Көкпекті орта мектебінің спорт залында өткен жарыстың қорытындысы бойынша алаң иелері жеңімпаз атанды. Шыңғыс Шалбаев, Руслан Жүнісов, Ерзат Баяхметов бастаған Көкпекті орта мектебінің құрамасы - Қойгелді Аухадиевті еске алуға арналған футзал турнирінің чемпиондары. Аудан құрамасының белді ойыншыларынан құралған «Нейтрал» командасы 2 орынға жайғасты. Айта кетерлігі, бұл жігіттер былтыр жарыстың бас жүлдесін олжалаған еді. Жүлделі үшінші орынды аудандық «Жұлдыз – Новая жизнь» газетінің құрамасы қанжығаларына байлады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Кубок және медальдармен, қаржалай сыйылықтармен мараптталды. Сонымен бірге, турнирге қатысқан басқа да құрамалардың барлығы марапаттау қағазы және қаржылай сыйлыққа ие болды», - дейді Жұлдыз – Новая жизнь» газетінің директоры Дархан Бердібек.

Шығыс Қазақстан облысы,

Көкпекті ауданы