• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Мамыр, 2019

Павлодардың «Сарыарқасында» 72 тұрғын пәтер кілттерін алды

788 рет
көрсетілді

Облыс орталығында мерекелер құрметіне орай «Сарыарқа» шағын ауданында кезекті көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.

Бұл күні Ломов көшесі, 154/3 мекенжайында  «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның 72 салымшысы пәтер алды.

Тұғындарды қуаныштарымен облыс әкімі Болат Бақауов  құттықтады.

-Осыдан үш жыл бұрын 165 мың шаршы метр,  былтыр 273 мың шаршы метр тұрғын үйлер берілді. Өткен жылы 2 мыңнан астам павлодарлық жаңа пәтерлерге қоныстанды,-деді әкім өз сөзінде.

Пәтер кілтін алғандардың бірі- көп балалы ана Жанаргүл Әбенова «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» 5 жыл бойы қаржы салған.

Ал, қалған қаржысын банктен тиімді шарттар бойынша 6 жылға алған.

-Қатты ризамыз. Балаларым да қуануда, - дейді Жанаргүл.

Жалпы, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша бой көтерген тұрғын үйде  18 бір, 36 екі және 18 үш бөлмелі пәтер бар.

Бірінші және соңғы қабаттағы пәтерлердің бір шаршы метрі 140 мың теңгеге, ал өзге қабаттардағы баспаналардың бір шаршы метрі 146 500 теңгеге бағаланды.

Қазір  бұрын Бос жатқан аумақ « Сарыарқа» шағын ауданы деп аталып, тұрғын үй кешендер құрылысы басталған-ды.

Қазір осы аумаққа салынатын 45 көпқабатты тұрғын үйдің 21-і пайдалануға берілді.

2020 жылға дейін тұрғын үй кешен құрылысы аяқталып, Достық шағын ауданында тұрғын үйлер салына бастайды.