• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Театр 07 Мамыр, 2019

«Театралды жәрдемі» қуаныш нұрын себеді

1116 рет
көрсетілді

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары апта сайын облыстық балалар ауруханасына барып, ем алып жатқан бүлдіршіндерге театрландырылған қойылым қояды.

«Біздің жобаның басты мақсаты – балаларға қуаныш сыйлау. Театралды қойылымдар қойып, зияткер ойындарын өткіземіз және сурет салып, балалардың көңіл-күйін көтереміз. Ауруханадағы емалушылар тиісті медициналық көмектерін алса, біз баланың дертінен жазылып шығуына өз өнерімізбен көмектесеміз»,–дейді Қызылордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушысы Әлима Баймұханбетова.

Сөз ыңғайында айта кетсек, Назарбаев Зияткерлік мектебінің «театралды жәрдемі» балаларға қолдау көрсетуге және жалғызбасты қарттарға, әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасыларға жәрдемдесуге бағытталған «Қоғамға қызмет» жобасы аясында құрылған. Бүгінде еріктілер тобы көбейіп келеді.