• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Мамыр, 2019

Бақыт Сұлтанов ардагерлерді құттықтады

941 рет
көрсетілді

Елорда әкімі ардагерлермен, зейнеткерлермен және қоғам қайраткерлерімен кездесті деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Құрметті ардагерлер! Сіздерді келе жатқан мерекелер: Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге денсаулық, ұзақ өмір және бақыт тілеймін! Бізге жастармен жұмыс жасау барысында сіздердің тәжірибеңіз бен біліміңіз қажет», деді Б.Сұлтанов. 

Оның айтуынша, елордада 50 мыңнан астам зейнеткер тұрады, олардың 71-і – Ұлы Отан соғысының ардагерлері, 2817-і – тыл еңбеккерлері.

«Сіздің жұмысыңызға табыс тілейміз, біздің елордамыз гүлдене түссін. Егер астана өркендеп жатса, Атырау, Семей және басқа қалалар гүлдене бастайды. Бұл – біздің басты қала, бұл біздің тәуелсіздігіміздің жемісі, бұл біздің еліміздің жүрегі», деді 96 жастағы соғыс ардагері Ахат Бекмади. 

Өз кезегінде Бақыт Сұлтанов, қаланың үлкен екендігін, бір мезгілде бірнеше тапсырманы шешу қажет болатынын және ең басты міндет қала тұрғындарының жайлы және сапалы өмір сүруін қамтамасыз ету екендігін алға тартты. 

«Ардагерлерге медициналық қызмет көрсету үшін көп нәрсе жасалды. Бүгін олардың саны 2 мыңнан асады. Бұл біздің халқымыздың 10% -ы және оларға жоғары мән берілуде.Тегін тіс протездеу, препараттармен қамтамасыз ету сияқты мәселелер әкімдіктің арқасында шешілді. Өйткені ол қосымша қаржыландыруды талап етеді. Біз сондай-ақ, әкімдікке 218 тыл еңбеккеріне назар аударуды, жеңілдікпен дәрі-дәрмектерді алуға мүмкіндік беруін сұраймыз», - деді Ардагерлер кеңесінің төрайымы Алтын Сулейменова. 

Ардагерлердің тағы бір өтініші - геронтологиялық қызметтің жұмысын ұйымдастыру және ардагерлерді оңалту, емдеу және әлеуметтік қолдау үшін қалада арнайы орталық ашу. 

«Жақында мен Елбасының қабылдауында болдым, біз осы мәселе туралы сөйлестік. Ол біздің қаламызда ардагерлерге арналған лайықты орталық қажеттігін айтты. Бізде күтім үйі бар. Онда өте жақсы жағдайлар жасалған, бірақ мұнда басқа тұжырымдаманы енгізу қажет. Соның ішінде ардагерлерге арналған оңалту орталығы, мейірбике ісі, қонақ үй бар болса,  оны қариялардың бос уақыттарында өздерінің құрдастарымен қарым-қатынас жасайтын орталық ретінде құруға болар еді.  Әзірге жобаны «Белсенді ұзақ өмір» орталығы деп атадық», деп қорытындылады Бақыт Сұлтанов.