• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Мамыр, 2019

Атырау облысының 20 мыңнан астам тұрғыны атаулы әлеуметтік көмек алды

911 рет
көрсетілді

Аймақта 20 000-нан астам адам мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алды деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолланың айтуынша, 1 сәуірден бастап 15 233 адамға (2654 отбасы) атаулы әлеуметтік көмек  тағайындалған. Осы мақсатқа 253 млн  теңге төленген.

- Атаулы  әлеуметтік көмек  арыз берген күнге байланысты емес, сол ай есепке алынады. Бүгінге атаулы әлеуметтік көмек жалпы сомасы 341 млн 460 мың теңге,  20 мың адамға (3508 отбасы) тағайындалды,-деді Серік Қамидолла.

Еске салсақ, Елбасы тапсырмасы бойынша Қазақстанда 1 сәуірден бастап АӘК мөлшері 50%-дан  70%-ға артты, күнкөріс минимумы- 20 789 теңге. Бұрын АӘК орташа мөлшері отбасының әр мүшесіне 4 834 теңге болса, сәуірден бастап 20 789 теңге төленеді.

Атырау