• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Қазақстан 09 Мамыр, 2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күнімен құттықтады

1037 рет
көрсетілді

Қымбатты отандастар!

Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Баршамыз үшін бұл мерекенің маңызы ерекше.

Халқымыз Ұлы Жеңіске өлшеусіз үлес қосты. Отандастарымыз майдан даласында ерлік­пен шайқасып, олардың жартысынан жуығы елге қай­тып оралмады. Жауынгерлеріміздің батыр­лығы мен қайтпас қайсарлығы жер бетінде бей­біт­шілік пен тыныштықты сақтауға мүмкіндік берді.

Тыл еңбеккерлерінің жанкештілігінің арқа­сында Қазақстан майдан даласына орасан зор кө­мек көрсетті. Соғыс жылдары елімізге жүздеген зауыттар мен фабрикалар көшірілді. Майданға мыңдаған вагон киім-кешек пен азық-түлік жіберілді.

Аға буынның теңдессіз ерлігін құрметтеп, зұлмат соғыстың зардаптарын ұмытпау – біздің қастерлі борышымыз.

Барлық ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!