• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Руханият 10 Мамыр, 2019

«Қара майор» туралы деректі фильм тамашаланды

1264 рет
көрсетілді

Облыс орталығындағы кинотеатрда «Жизнь специального назначения» атты деректі фильмнің ІІ бөлімі көрсетіліп, қала жұртшылығы мен Петропавл әскери институт курсанттары тамашалады.

Туындыда ауған соғысының жүрек жұтқан батыры Борис Керімбаевтың ерлігі мен ғұмыр-дастаны, бұрын соңды жария етілмеген естеліктері топтастырылған. 177 жасаққа басшылық еткен «қара майор»  жайлы жерлесіміз Жоламан Мұхаметжановтың айтары мол.  

«Көзі тірісінде есімі аңызға айналған азаматпен Алматыдағы ардагерлер госпиталінде кездесіп, әңгімелерін тыңдаған едім.  8 ай бойы оның батальоны «қылыштың жүзінде» жүрсе де, мождахедтердің қолбасшысы Ахмед шах Масудқа қарсы қарсы ерлікпен шайқаса білген. Осы себепті оны  жау жағы «Паншер патшасы» деп атап кеткен», дейді ауған соғысының ардагері Жоламан Мұхамеджанов.

Қазақтың оғлан бахадұры  бірнеше жекпе-жек түрлерін, соғыстың  шырғалағы мол тактикалық, стратегиялық әдіс-тәсілдерін жетік меңгерген. Паншер шатқалын бірайдың орнына 8 ай ұстап тұруы  сондықтан. Оның жеңісіне ызаланған мождахедтер Б. Керімбаевтың «басына» бір миллион доллар сыйақы тіккен.

Жергілікті тұрғындарға мешіттер мен әлеуметтік маңызы бар ғимараттар тұрғызып беруімен де үлкен құрметке бөленген.

Деректі фильмді қызықтауға келгендер қатарының көп болуына қарағанда «қара майордың»  ерлік істері солтүстікқазақстандық көрермендерді де бей-жай қалдырмаған секілді.